В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты (АФИ) астрономия және астрофизика саласындағы іргелі зерттеулер жүргізетін Қазақстандағы негізгі ғылыми мекеме. Институт негізін 1941 жылы Василий Григорьевич Фесенков қалады және 1989 жылдан бері оның есімімен аталады. Қазіргі таңда институт Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне қарайтын Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының еншілес мекемесі болып табылады.

АФИ ғылыми қызметі астрономиялық бақылаулар, теориялық зерттеулер және компьютерлік үлгілеулерді қамтиды. Астрономиялық бақылаулар Алматы қаласы маңында орналасқан үш бақылау станцияларында жүргізіледі және Күн және алып-планеталар атмосфералары процесстері зерттеулерінде, Жердің жасанды серіктері мониторингінде, кометалар физикасында, жұлдызаралық орта мен тұмандықта, белсенді ғаламдар спектрометриясында жинақталған. Теориялық зерттеулердің негізгі салалары жұлдыздар динамикасын және есептік астрофизиканы, аспан механикасын, сандық үлгілеу негізінде ғаламның белсенді ядролары зерттеуін, ерте Әлемнің ғарышнамалық үлгілерінің дамуын, Әлем құрылымдарының пайда болуы мен дамуын, сонымен қатар қараңғы материя мен қараңғы энергия табиғаты зерттеулерін қамтиды.

АФИ Қазақстаннан тыс, басқа ғылыми мекелелермен Ресей, Германия, Кытай және басқа елдердің институттарымен тығыз байланыста. 2011 жылдан бері АФИ Халықаралық Астрономиялық Одақтың мүшесі болып табылады.