CDM

Біздің топтың мақсаты әртүрлі масштабтағы – жұлдызды кластерлер, галактикадан бастап жалпы Әлемдегі гравитацияланатын жүйелер эволюциясын ұғынуға бағытталған. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін біз теориялық әдістермен қатар заманауи есептеуіш технологияларды пайдалана отырып сандық тәжірибелерді қолданамыз.

Кіші масштабта біздің назарымыз галактикалардың белсенді ядроларындағы жұлдызды кластерлерді сандық үлгілеуде, бұл біздің және көп жылдан бері қызметтес болып келе жатқан Астрономиялық Есептеуіш Институты (Хайдельберг) және Қытай Халық Астрономия Обсерваторясы (Бейжің) әріптестеріміздің тақырыбы. 2013 жылы біздің топ жұлдызды кластерлерді үлгілеуге арналған MODEST-13 атты халықаралық воркшопты өткізді.

Үлкен масштабта гравитацияланған жүйелер эволюциясындағы үстемдік ететін факторлар қараңғы материя және қараңғы энергия болып табылады, сондықтан бізді Әлемнің 95% құрайтын осы көрінбейтін құрамның пайда болуы мен табиғаты қызықтырады. Белгілі болғандай, стандарт космологиялық ΛCDM-үлгінің көптеген астрономиялық бақылаулармен сәтті сәйкес болуына қарамастан, осы үлгінің негізін қалайтын вимп типтес бөлшектердің бары әлі тәжірибе жүзінде дәлелденбеді. Сондықтан, ΛCDM-космология аясындағы зерттеулермен қатар, біз тәжірибеден белгілі бөлшектер мен өрістерді негізге ала отырып баламалы үлгілерді тұрғызуға тырысудамыз.

Сандық есептеулерді жүргізу үшін топ бірнеше өткізгіштігі жоғары серверлерден тұратын, есептеуіш PCI-карталарымен жабдықталған кішігірім компьютерлік кластерге ие.

Tesla-4x-C1060 Tesla-4x-C1060
Intel Xeon X5550 процессоры және 4 арнайы NVidia Tesla C1060 графикалық карталар базасындағы есептеуіш сервер Intel Core i7 5960X процессоры және 4 арнайы NVidia 9800GTX+ графикалық карталар базасындағы есептеуіш сервер