27-28 шілдедегі Ай тұтылуы
Қазақстанда 2018 жылдың жаз мезгілінде толық көлеңкелі Ай тұтылуын бақылауға болады, тұтылу уақыты 3 сағат 55 минутқа созылады. Мұндай үлкен уақытты тұтылу Ай жердің көлеңкесінің центрінен өткенде болады. Сонымен қатар, Ай апогейге жақын орналасады, бұл дегеніміз Жерден ең үлкен қашықтықта, яғни оның орбитадағы басқа нүктелеріне қарағанда орбиталық жылдамдығы аз. Сондықтан, Жердің көлеңкесінен өту үшін Айға үлен уақыт қажет болады.
Бастапқыда, Жердің көлеңкесі Айға «өрмелей» бастайды (0% ден 100% ға дейінгі фазалар), ол түссіз қараңғы диск тәрізді болады. Толық ай «кеми бастаған» ай тәрізді келеді. Жер көлеңкесіне Ай толық енгеннен кейін Жердің атмосферасының күйіне байланысты қызғылт түстен қою-қызыл түске дейін Айдың түсі өзгереді. Егер де біз, сол уақытта Айда бола алатын болсақ, атмосфераның қызғылт жиегімен қоршалған түнгі Жерді бақылай алатын едік. Жердің атмосферасынан өтетін осы түспен Ай тұтылу кезінде жарықтандырылған.
Кесте 1. 2018 жылдың 27-28 шілдедегі Айдың толық көлеңкелі тұтылуының мәліметтері
Қала | Жер көлеңкесіне Айдың бастапқы кіру уақыты (фаза 0%) |
Ай Жердің толық көлеңкесінде (фаза 100%) |
Максимальды фаза(161%) |
Айдың көлеңкеден бастапқы шығу уақыты (фаза 100%) |
Ай көлеңкеден шыққан уақыты (фаза 0%) |
Ақтөбе, Атырау және т.б. батыс қалалары UTC+5 |
23:24 | 0:30 | 1: 22 | 2:13 | 3:19 |
Алматы, Астана және т.б. қалалар UTC+6 |
0:24 | 1:30 | 2:22 | 3:13 | 4:19 |
Ай тұтылуның уақыты геоцентрлік координаталар жүйесінде есептеледі, 1 кестедегі берілген уақыт азаматтық уақытта
11 тамыздағы Күн тұтылуы
Қазақстан бойынша екінші бақыланатын тұтылу -2018 жылдың 11 тамызында Күннің жартылай тұтылуы. Астана уақыты бойынша (Күн және Ай дискаларының жақындауы) максималды геоцентрлік фаза -15 сағат 46 минутта. Жартылай Күн тұтылуы Арктика, солтүстік Европа, Ресей, солтүстік-шығыс Қазақстан, Монғолия, Қырғыстанның солтүстік-шығысынан, Қытайдың солтүстік-батысынан өтеді. Қазақстанның қалалары бойынша бақылау уақыты В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтында есептелді.
* 2 кестеде тұтылу уақыты жергілікті азаматтық уақытпен берілген. Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларында уақыт UTC+5 сәйкес, ал басқа қалаларда UTC+6 сәйкес, UTC-бүкіл әлемдік уақыт.
Кесте 2 – Қазақстанның қалалары үшін 2018 жылғы 11 тамыздағы жартылай Күн тұтылу уақыты
Қала | Бастапқы байланыс(фаза 0%) | Күн және Айдың бақыланатын жанасу уакыты |
Соңғы байланыс (фаза 0%) |
Ақтау* | – | 15:12 тұтылу жоқ | – |
Атырау* | – | 15:08 тұтылу жоқ | – |
Қызылорда | – | 16:29 тұтылу жоқ | – |
Шымкент | – | 16:37 тұтылу жоқ | – |
Арал | – | 16:21 тұтылу жоқ | – |
Орал* | – | 15:01 тұтылу жоқ | – |
Ақтөбе* | 14:50 | 15:10 (фаза 3.9%) | 15:29 |
Алматы | 16:15 | 16:41 (фаза 8.9%) | 17:07 |
Талдықорған | 16:06 | 16:39 (фаза 13.7%) | 17:09 |
Балхаш | 16:00 | 16:33 (фаза 13.9%) | 17:05 |
Қостанай | 15:35 | 16:12 (фаза 15.5%) | 16:47 |
Қарағанды | 15:49 | 16:26 (фаза 17.5%) | 17:02 |
Астана | 15:44 | 16:22 (фаза 18.4%) | 16:59 |
Көкшетау | 15:36 | 16:17 (фаза 20.5%) | 16:56 |
Петропавловск | 15:32 | 16:14 (фаза 23.2%) | 16:55 |
Семипалатинск | 15:48 | 16:30 (фаза 24.7%) | 17:10 |
Павлодар | 15:42 | 16:24 (фаза 25.1%) | 17:05 |
Өскемен | 15:50 | 16:32 (фаза 26%) | 17:12 |
Күн тұтылуын бақылау кезінде қауіпсіздікті қадағалу қажет. Басқа уақытта да біз Күнді тікелей бақылай алмаймыз, себебі ол өте жарық. Жартылай тұтылу уақытында Күн дискасының ашық бөлігі жоғары жарықтылыққа ие болады.
Алдын-ала қараңғы әйнек бақылауға дайындап қою қажет (мысалы, балқытып біріктіруге арналған әйнек), күннің дискасы жақсы көрінетін немесе қыздыру шамының спиральі көрінетін, бірақ ешқандай күндіз көрінетін заттар көрінбеуі қажет. Осы жағдайда ғана күн тұтылуын қауіпсіз бақылауға болады.