Екі қара құрдымның қосылуынан кейінгі гравитациялық толқынның ашылуы үшін Нобель сыйлығын беріп болғаны сол-ақ екен, екі нейтрон жұлдызының қосылуынан гравитациялық дабылдың тіркелгендігі туралы хабарланды. Осы уақытқа дейін толық «тыныштықта» (қазіргі кезде 4 осындай құбылыстар тіркелді), екі қара құрдымның қосылуының салдарынан гравитациялық толқындар бақыланды, қара құрдым өзінің аты айтып тұрған атына сай «қара» себебі, сәуле шығармайды, бұл көздерді дәл қай уақытта табудың нақты деректері жоқ. Жаңа ашылудың ерекшелігі, нейтрон жұлдыздарының қосылуы – бұл жағдайда, барлық электромагниттік толқындарда «жарқ ету» болуы мүмкін – көрінерлік жарықта, радиотолқында, рентген және ультракүлгін аймағында, гамма-сәулелерінде.

2017 жылы 17 тамызда LIGO және Virgo детекторымен гравитациялық дабыл тіркелді. Гравитациялық толқыннан екі секундтан кейін Fermi ғарыштық телескобы гамма-жарқырауын тіркеді. Осы мәліметтер негізінде аспанның іздеу аймағын анағұрлым тарылтуға мүмкіндік туды. Чили телескобы 10 сағат аралығында ғаламда –көзді тапты, одан кейін, Әлемнің барлық обсерваторияларына жедел хабарлама таратылды. Келесі бірнеше күнде, 70-тен астам телескоптар (оның ішінде ғарыштық) сол ғаламды бақылады. Ғарыштық бір объект, алғаш рет, астрономия тарихында аса көп аспаптар арқылы бақыланды. 16 қазанда, дүйсенбі күні зерттеудің нәтижелері жетекші журналдарда 40 мақала жарияланды.

Сонымен, аспанда алғаш рет, гравитациялық толқын көзі табылды. Екі нейтрон жұлдызының қосылуы болған ғалам NGC 4993, бізден шамамен 130 миллион жарық жылы қашықтығында. Бұл дегеніміз, нейтрон жұлдыздарының қосылуы, осы ғаламда 130 миллион жыл бұрын болған және тек қазір ғана, бізге дабыл жетіп отыр. Әрине, бұл өте үлкен сандар, алайда ғарышнамалық өлшемге келгенде аса алыс емес.

Күшті режимде гравитациялық теорияның дұрыстығын дәлелдеуі ашылудың маңыздылығын көрсетті. Ең іргелі деңгейде Біздің Әлемнің құрылымын түсінуде, біз дұрыс жолда тұрғандығымызға сенімділік береді. Сонымен қатар, бұл жәй ғана ғылыми ашылу ғана емес. Шындығында, біз астрономияда жаңа ғасырдың туғандығына куәгерміз, енді біз, тек қана электромагниттік сәулелер арқылы ғарыштағы оқиғаларды «көріп» қана қоймай, Әлемнің ең алыс бұрышындағы гравитациялық толқындарды «сезінеміз».

Ғылымдағы тарихи оқиғаға Қазақстандық астрономдардың тікелей қатыстарының болуы аса қуантарлық оқиға. В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының бірнеше қызметкерлері (Кругов М.А., Кусакин А.В., Рева И.В.), негізгі мақаланың авторлар қатарынан табылды, олар 1-метрлі Цейсс-1000 телескобы арқылы биік таулы Тянь-Шань обсерваториясында алынған гравитациялық дабылға ұқсас оптикалық жарқыраудан кейінгі бақылауларды басқа авторлармен қатар жүргізді. Бұл бақылаулар, аталған ұлы ашылудың бір бөлігі, ол әрине тарихқа мәңгілік енеді. В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтынның обсерваториясында гамма-жарқ етуінен кейінгі жарқырауды бақылау жүйелі түрде жүргізіледі және Қазақстан Үкіметінің № 0075/GF4 грант шеңберінде қаржыландырылады.