
На снимке – лауреат Нобелевской премии по физике за 2006 год, профессор Дж.Ф.Смут III и профессор Л.М.Чечин за обсуждением теоретических проблем современной космологии
Л. М. Чечин 1949 жылы 06 наурызда Украинаның Черновцы қаласында дүниеге келген. 1950 жылы оның ата-анасы Алматыға қоныс аударады. Ол 1966 жылы Алматы қаласының № 36 орта мектебін күміс медальмен бітіреді. 1966-1971 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінінде білім алып, теориялық физика кафедрасында мамандандырылды. Ал 1972-1974 жылдар аралығында болашақ профессор М.М.Абдильдиннің жетекшілігінде сол кафедраның аспирантурасында оқыды. 1986 жылы Белорус мемлекеттік университетінде 01.04.02 – теориялық және математикалық физика мамандығы бойынша “Монадный подход к проблеме движения многих тел в общей теории относительности” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ал 1994 жылы Томск мемлекеттік университетінде 01.04.02 – теориялық физика мамандығы бойынша “Движение тел в классических калибровочных полях” тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Л.М.Чечин диалектикалық логика бойынша белгілі отандық мектептің қайнар көзінің басында тұрған белгілі философ Михаил Никифорович Чечиннің семьясында өсті. (М.С.Бурабаев. Учитель философов Казахстана. / Алматы НИЦ, «Ғылым», 2003, 138 б.). Оның негізін қалаушылардың арасында атақты философ-академик Ж.М.Абдильдин де бар. Сондықтанда Л.М.Чечиннің ғылыми қызығушылығы М.М.Абдильдиннің ықпалымен қалыптасуы кездейсоқтық емес. Ж.М.Абдильдин көзқарастарының зор ықпалымен Л.М.Чечин ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтының жаратылыстанудың философиялық мәселелері бөліміне келді. Бөлімді белгілі философ, болашақ академик А.Н.Нысынбаев басқарды. ҚазКСР ҒА ФҚИ-да Л.М.Чечин Ж.М.Абдильдиннің және А.Н.Нысынбаевтың жетекшіліктерімен қазіргі физикалық теорияның құрылу логикасымен, соның ішінде, жалпы салыстырмалылық теориясы зерттеулерімен айналысты. Эйнштейннің тартылыс теориясында қайшылық мәселелері. / «Материалистическая диалектика как методология современной физики». Алма-Ата, Наука, 1978, с. 78; Жалпы салыстырмалылық теориясы негіздері мәселелері. / «Диалектическая логика как методология современного естествознания», Алма-Ата, Наука, 1985, с. 99; Кеңістік, уақыт және тартылыс теориясы ретінде жалпы салыстырмалылық теориясы. / «Генезис категориального аппарата науки», Алматы, Ғылым, 1992, б. 241 жұмыстары зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Алайда, М.М.Абдильдинде тәрбиеленген Л.М.Чечиннің негізгі ғылыми қызығушылығы теориялық физика болды және солай болып қала береді. Осы ғылыми қызығушылықтардың саласын шартты түрде өзара байланысты үш бөлімге бөлуге болады: жалпы салыстырмалылық теориясында қозғалыс мәселесі, ерте Әлемнің ғарышнамасы және математикалық физика әдістері. Бірінші бөлім шеңберінде Л.М.Чечин релятивистік физикада қозғалыс мәселесіне бірыңғай тәсілдің кванттық емес нұсқасын ұсынды. Бұл идеяның маңыздылығы әртүрлі өрістер арқылы әрекеттес N – денелер кез-келген жүйесінің қозғалыс теңдеулері шешімдері мүмкіндіктерінде тұрады. Сонымен қатар, оның көмегімен қозғалыс мәселелеріндегі бірқатар қиындықтарды жеңілдетуі мүмкін болып көрінді, демек оны айтарлықтай алдыға жылжытады. Сонымен мысалы, бөлшектер жүйесіне бұл тәсілдің қолданылуы қозғалыс теңдеуінің көп нұсқалы әмбебап түрін негіздеуге мүмкіндік берді (Калибровочный подход к проблеме движения. Точечные тела. // «Динамика стационарных и нестационарных гравитирующих систем». / Труды АФИ АН КазССР, т. 45. Алма-Ата, Наука, 1986, с. 103; Универсальная форма уравнений движения второго рода. // Известия ВУЗов. Физика, 1994, т.37, с. 22). Осы теңдеулер негізінде алғаш рет N түсті бөлшектер қозғалыс теңдеуі шығарылды (Классическая динамика системы N цветных зарядов. // Теоретическая и математическая физика, 1994, т. 99, с. 54), санау жүйесінде N денелер қозғалысы жалпы релятивтік теориясы ұсынылды (Аналитическая механика в неинерциальных системах отсчета. // Известия ВУЗов. Физика. 1981, с. 34; Задача двух точечных масс в хронометрической системе отсчета. // «Гравитация и теория относительности». Вып. 23, Казань, КГУ, 1986, с. 111; Динамика системы протяженных тел в монадном представлении. // Известия ВУЗов. Физика. 1995, т. 38, с. 2), зарядталған жүйелер және магниттелген массалар арқылы қозғалыстарының жақсартылған теңдеуін табу (Динамика системы компактных спиновых масс с зарядами и магнитными моментами. // Известия ВУЗов. Физика, 1994, т. 37, с. 56). Бұл бөлім шеңберінде Л.М.Чечин ерте Әлемнің ғарышнамасындағы жаңа бағыт – ғарыш хромодинамикасы бағытын құрды (Классическая неабелева частица в поле вращающейся цветной черной дыры. / Известия ВУЗов. Физика, 1993, т. 36 , с. 3; Задача многих тел в классической хромодинамике. / Вестник НАН Республики Казахстан, 1993, №5, с. 49; Задача многих тел в классической хромодинамике. II. Релятивистское приближение. / «Проблемы физики звезд и внегалактической астрономии». Алма-Ата, Гылым, 1993, с. 179). Бірақ ерекше назар топологиялық орнықты ғарыш нысандарының динамикасын, бірінші кезекте, ғарыш ішектері динамикасын зерттеуге аударылды. Зерттеудің бұл бағыты атақты қазақстандық астроном, академик Т.Б. Омаровтың бастамасы бойынша қалыптасты. Бұл жерде N ғарыш ішектері жүйелері дамуына динамикалық тәсіл дамытылды (Самосогласованный подход к динамике системы космических струн. // Доклады АН Республики Казахстан, 1995, № 1, с. 24; The dynamics of cosmic strings in large Metagalaxy. // Astronomical and Astrophysical Transactions, 2003, v. 22, p. 155); осциллияланған ғарыш ішектерінен туындайтын метриканың жаңа түрі шығарылды (Пространство-время вблизи осциллирующей космической струны. // Доклады НАН Республики Казахстан, 1998, № 2, c. 26); осциллияланған екі ғарыш ішектерінің динамикасы зерттеулері жүргізілді (On the dynamics of two oscillating cosmic strings. // General relativity and gravitation, 1999, v.31, p. 443); белгілі түрдегі сызықсыз ғарыш ішектерінің концепциясы ұсынылды (Gravitational field and equation of motion of nonlinear cosmic string. // Hadronic Journal, 1999, v.22, p. 197; Geodesic lines in the gravitational field of nonlinear cosmic string. // Hadronic Journal, 2001, v. 24, p. 115; Gravitational radiation of a nonlinear cosmic string. // Cosmology and Gravitation, 2002, v. 8, p. 327). Ғарыш ішектері динамикасынан басқа Л.М.Чечин жалынды Әлемнің моноөрістермен өтетін физикалық процесстерді (Динамическая оценка времени аннигиляции монополей в горячей Вселенной. // Доклады АН Республики Казахстан, 1994, № 3, c. 46); ваккумды доменді қабырғамен ғарыш ішектері әрекеттесуін зерттеді. // Известия ВУЗов. Физика, 2005, т. 48, №4, c. 20). Ерте Әлемнің өзінің ғарышнамасын зерттеу процессінде маңызды нәтижелер алды. Сөйтіп, алғаш рет – ерте Әлемнің доминанттық қысым шартын ұсынды (On the description of the dark energy by the pressure-dominance condition. // Astronomical and Astrophysical Transactions, 2005, v. 24. p. 265); ғарыш субстраттың антигравитациялық тұрақсыздығы дәлелденді (Antigravitational instability of cosmic substrate in the Newtonian cosmology. // Chinese Physics Letters, 2006, v. 23, №8, p. 2344). (The induced rotation effect in relativistic cosmological backgrounds. // Cosmology and Gravitation, 2003, v. 9, p. 281), Негізгі ғарышнамалық үлгілерде индукцияланған айналудың әсері көрсетілген жұмыстары қызықты ұсынылды. Осы әсерге сүйене отырып, ғаламдардың алғашқы жылжуы өтуіне табиғи түсініктеме беруге болады. Үшінші бөлім аясында Л.М.Чечин қозғалыс теңдеуін және олар үшін бастапқы шарттарды біріктіретін Лагранж теңдеуін сипаттаудың екі өлшемді операторлық әдісін (The two-dimensional operator model of Lagrange’s equation. // Reports of NAS Republic of Kazakhstan, 2001, № 4, p. 33); үйлеспеушілік әдісін пайдалануға негізделген Шредингер теңдеуін шешудің жаңа сандық әдістерін дамытты (Конечно – разностные методы решения уравнения Шредингера. // Вестник АГУ им. Абая. Серия физико-математическая, №2, 2003, c. 58.). Л.М.Чечин білім беру әдістерінің, соның ішінде ағылшын тілінде дамуына көп көңіл бөледі. «Избранные главы истории теоретической физики». КазНПУ им. Абая, 2006. 42 с.; «Избранные лекции по релятивистской космологии». КазНПУ им. Абая, 2007, 52 с.; ЖОО студенттеріне арналған жалпы физика бойынша ағылшын-орыс екі тілдік есептер жинағы («Problems on core physics», Almaty, Kazakh-American University, 2002. 51 с.) оқу құралдары, қазіргі жаратылыстану концепциялары курсы бойынша оқу-әдістемелік құралы жарыққа шықты (The brief course of lectures on «The concepts of modern natural science», Almaty, Kazakh-American University, 2004. 38 p.) Ол мемлекеттік тілдің дамына да көңіл бөледі. Әріптесі Т.К.Шаңбаймен бірлесіп ғылыми қызметкерлерге арналған «Ғылыми сұхбат әлемі» орысша-қазақша тілдескіш басып шығарды. Тілдескіш 1994 жылы (Алматы, «Казак тiлi») және 2007 жылы (Астана, «1С – Сервис») екі басылымда жарық көрді. Ол ғылым жолындағы барлық мамандық өкілдері пайдалана алатындай етіп құрастырылған. Тілдескіште жалпы ғылыми терминдер ғана емес, сондай-ақ, ғылыми байланыста мейлінше жиі кездесетін жекелеген сөздер, сөз тіркестері мен сөз қолданыстары келтірілген. Бүгінгі таңда ол Қазақстан Республикасы ҰҒА Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы АҚ «В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институты» ЕЖШС келешекті астрофизикалық зерттеулері бөлімінің басшысы қызметін атқарып, ғылыми ғарыш зерттеулерінің дамуына үлкен назар аударуда. Олардың басымы «Дүниежүзілік ғарыштық обсерватория – Ультракүлгін» халықаралық жобаға қатысуы болып табылады. Бұл жоба қазіргі астрономияның ең келешекті бағыттарында отандық ғалымдармен жаңа мағлұматтар алуға бағытталған: қараңғы энергия және қараңғы материя табиғаты, ғаламның ядроларының белсенділігі, жұлдыздардың және олардың жүйелерінің құрылуы (Мусабаев Т.А., Жантаев Ж.Ш., Чечин Л.М. Пути к космическим высотам. / Казахстанская правда, 31 июля, 2008).