makukov Аға ғылыми қызметкер

Космология, жұлдызды динамика және есептеуіш астрофизика зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарушы

Зерттеу саласы: жалпы салыстырмалылық теориясы, қараңғы материя, қараңғы энергия, нейтриноның космологиялық аясы, жұлдызды динамика, астробиология

Email: makukov@aphi.kz

Телефоны: +7 (727) 260 75 91

2004 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеттің физика факультетін тәмәмдадым, 2006 жылдан бері Ф.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтында жұмыс істеймін. Қазіргі таңда космология, жұлдызды динамика және есептеуіш астрофизика зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарудамын.

Ғылыми қызығушылықтары

Маған фундаменталды ғылыми мәселелермен айналысқан ұнайды. Менің негізгі қызығушылығым – космология, соның ішінде қараңғы материя және қараңғы энергия, олардың Әлемнің тағдырына және ғарыштық құрылым эволюциясына әсері. Сонымен қатар, астробиология және SETI, сондай-ақ теориялық биологияның кейбір аспектілеріне қызығушылығым зор.

Қосымшаларды дайындау

Мен бір күні маған ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін ыңғайлы қосымшаның жетіспейтінін түсіндім. Нәтижесінде, мен Mendeley Desktop локалды мәліметтер базасымен және BibTeX-форматындағы библиографиялармен тез жұмыс жасау үшін кросс-платформалы қосымшаны (Keplerey) жазып шықтым. Mendeleyді библиографиялық менеджер ретінде пайдаланатындар және ғылыми әдебиеттермен тығыз жұмыс істейтіндер үшін Keplerey тиімді болуы мүмкін. Бағдарламаның бастапқы коды GPL лицензиясы бойынша SourceForge.net сайтында қол жетімді.

Жарияланымдар