Rashit Valiullin Директор м.а.

Дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының кандидаты

Зерттеу аясы: сейферт галактикаларын спектралды зерттеу, қолданбалы оптика

Email: rashit@fai.kz
Телефоны: +7 (727) 260 75 90

Өмірбаяны

Валиуллин Р.Р. 1980 жылы Перьм облысы (Ресей Федерациясы), Барда ауылындағы орта мектепті бітірді. 1981 жылы В.И.Ульянов-Ленин атындағы Қазан мемлекеттік университетіне («астрономия» мамандығына) оқуға түсті, тәмамдаған соң В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтына жолдама алды.

Институттағы жұмысы барысында заманауи аппаратураның жұмысын жетік меңгеріп, тәжірибелі бақылаушыға айналды. Ол сейферт галактикаларының ядро айнымалыларын зерттеуге арналған тәжірибелі базаны құрайтын галактикадан тыс нысандардың тура суреттерін және мыңдаған спектрограммаларын алды. Валиуллин Р.Р. біршама сейферт галактикаларының спектрлерін тәжірибе жүзінде егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік беретін спектро-динамикалық фокустандыру әдісін теория жүзінде дәлелдеді. Сонымен қатар, Валиуллин Р.Р. Маркарян 474 сейферт галактикасының аса жылдам айнымалысын мұқият зерттеуде үлкен жұмыс атқарды.

Сондай-ақ Валиуллин Р.Р. қолданбалы оптикамен де айналысты. Нақтырақ айтсақ, бойлық эмиссиялық нысандардың сәулелік жылдамдықтарын зерттеудің шапшаң әдісін дайындады және тәжірибеде қолданды. Турбулентті және шашыраңқы орталарда бір өлшемді кескіндермен алмасу әдісін дайындады.

Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бірнеше рет ғылыми семинарларға және халықаралық конференцияларға ұсынылды («International Astronomical Union Colloquium 184» и «Joint European and National Astronomy Meeting – 2007»).

1998 жылы физика-математика ғылымдары саласындағы ең үздік ғылыми жұмыс үшін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің сыйлығының лауреаты болды.

2010 жылы Валиуллин Р.Р. «HII-аймағы бар галактикалар мен сейферт галактикаларындағы газды бұлттардың динамикасын спектралды зерттеу» тақырыпта «астрофизика және радиоастрономия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
Р.Р. Валиуллиннің көп жылдық ғылыми қызметінің нәтижелері 2012 жылы «LAP Lambert Academic Publishing GmbH & Co.KG» баспасында жарық көрген «Сейферт галактикаларын спектралды зерттеу» монографиясында жарияланды.

Валиуллин Р.Р. 40-тан астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы және авторласы.

2012 жылдан 2015 жылға дейін В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының ғылыи зерттеу жұмысы бойынша директордың орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылдың 19 қаңтарынан бастап В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының директоры міндетін атқарушы.

Жарияланымдар