ӨмірбаяныВильковиский Э. Я. Ақмола облысы Степняк кенішіндегі орта мектепті аяқтап, Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп 1960 жылы физика факультетін тамамдады. Университетті тамамдаған соң Вильковискийдің ғылыми қызметі Қазақстанның ғылым академиясы жанындағы Ядролық физика институтымен, ал 1967 жылдан бастап осы күнге дейін В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтымен байланысты болды. 1972 жылы Вильковиский «Корональ құрылымдардың физикалық құрылымдары» тақырыбынды кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Күн тәжін, әр түрлі типтегі күн және жұлдыз желдерін зерттеуден ауысып, Вильковиский «жұтылуы кең сызықты квазарлар» ерекше типті галактикалардың белсенді ядроларының күрделі спектрларын түсіндіру үшін теориялық үлгісін дайындауды алғашқылардың бірі болып бастады. Осы бағыттағы жұмыстары оның 1991 жылы П.К. Штернберг атындағы мемлекеттік астрономия институтында (ММУ) қорғаған докторлық диссертациясының негізі болды. Вильковиский Халықаралық астрономия одағы, Еуропа астрономия қоғамының мүшесі, Халықаралық (Еуразия) астрономия қоғамы басқармасының мүшесі, Алматы астрономия қоғамының бірінші төрағасы болып табылады. Ғылымның басына күн туған кезде, қайта құру және кейіннен КСРО-ның таралуы кезінде Вильковиский шетел ғалымдарының қазақстандық астрофизиктермен байланысты орнату және кеңейту үшін орасан зор күш жұмсады. Өзінің жұмыстарымен шетелдік әріпестерін қызықтырып, олардың тарапынан шақыртылып Еуропа және АҚШ-тың жетекші обсерваторияларына барып қайтты. Онымен қоса, ФАФИ қызметкерлері үшін іссапар ұйымдастырып және шетел гранттарының есебінен институтқа заманауи компьютерлер сатып алуға жағдай жасады. Вильковиский — халықаралық гранттардың қолдауын алған жобалардың жетекшісі мен орындаушылары қатарында:
Оның бастамасы бойынша ФАФИ мен ядролары белсенді галактикалардың эволюциясының сандық үлгілерін тұрғызуға негізделген неміс Астрономия есептеуіш институының ғалымдар тобымен ынтымақтастық сәтті дамуда, бұл жағдай жас ғалымдардың (Omarov Ch., Makukov M., Yurin D., Panamarev T., Shukirgaliyev B.) шетелдік тағылымдамадан өтуіне және ФАФИ-ге заманауи есептік техника сатып алуға мүмкіндік берді. |
Ғылыми қызметіЭ.Я. Вильковискийдің ғылыми қызығушылығы күн тәжі теориясы, плазма физикасы, жұлдызды жел және галактикалардың белсенді ядролырымен байланысты. Оның бастамасы бойынша Астрофизика институтында ғарыштық плазмадағы сәулелену қысым күшін есептеуге және ультрафиолет, оптикалық және инфрақызыл диапозонындағы бақылау мәліметтерін әр түрлі нысандардың спектрлерінің есептеу нәтижелерімен салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи фотоиондаушы үлгілерді есептеу үшін бағдарламалар сериялары дайындалды. Э.Я. Вильковискийдің зерттеу тақырыбы күн тәжінен күн желі, сосын ыстық жұлдыздардың желіне дейін зерттеуге созылды. Вильковиский галактикалардың белсенді ядроларының спектрлерін түсіндіру үшін ғарыштық плазманың спектралды құрамын және динамикасының үлгілерін есептеу бағдарламалары мен әдістерін дайындады. Сәулелену өрісіндегі иондық баланс пен плазманың спектралды құрамын есептеу міндеті дамыды және жұлдызды желдер мен планеталық тұмандықтар үлгілерінде жас қызметерлермен бірге апробацияланды. Сосын алалған міндет галактикалардың белсенді ядроларынан заттардың ағуының күрделі динамикалық үлгісінің құрама бөлігі ретінде пайдаланылды. Спектрлердің рентген және ультрафиолет диапазондарының ары қарайғы зерттеулері ғарыштық телескоптардан алынған бақылау нәтижелерін түсіндіру үшін дәл осы типтегі үлгілеу есептеулері қажет екендігі расталды. Жариаланымдар (басты)
|
Вильковиский, Эммануил Яковлевич., профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Comments are closed.