Жердегі обсерваториялардың жұмыстарының маңызды қыры халықаралық ынтымақтастық – техникалық ресурстарды қолдануды оңтайлантырады, бақылаулардың мүмкіндігін кеңейтеді және қамтамасыздандырады, күрделі ғылыми мәселелерді тиімді шешуге және ғылыми әдістермен алмасуға жағдай жасайды. Ең озық жердегі обсерваториялардың тәжірибелі ғалымдары мен инженерлеріне арналған орталықтар немесе хабтар болып табылады, бұл бақылау астрономиясына инновациялық жаңалықтар мен серпілістер әкеледі. Сонымен қатар, алдағы онжылдықта ғылым алдында тұрған мәселелерді тиімдірек шешуге – урбандалудан туындаған жарықтың ластануы және ғарыштық қоқыстардың экспоненциалды өсуі, қараңғы материя мен қара энергияны анықтауға және зерттеуге дейін мүмкіндік береді. Сондықтан астрономия үшін ғаламдық ғылым ретінде астроклимат, орналасу, инфрақұрылым және т. б. тұрғысынан жердегі астрономияның ең тиімді нүктелерінде ресурстарды (зияткерлік және техникалық) біріктіру қажет бола бастады, осындай нүктелердің бірі В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика Институтының ҚР ҰҒА академигі Төкен Омаров атындағы Ассы-Түрген обсерваториясы (бұдан әрі, Ассы-Түрген обсерваториясы) болуы мүмкін. Соңғы жылдары Ассы-Түрген Обсерваториясы алыс ғарыш және жерге жақын кеңістікті мониторингілеу және бақылау мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті. Бірінші кезекте 1.5-метрлік және екі 1-метрлік телескоптарды автоматтандыру және оларды сезгіштігі жоғары детекторлармен жабдықтау; телескопты басқаруға мүмкіндік беретін қарапайым скриптілерді мәліметтерді өңдеу мен талдауға арналған жоғары өнімді суперкомпьютерлерге дейінгі жаңа жоғары жылдамдықты және роботтық кең бұрышты телескоптарды және цифрлық инфрақұрылымды пайдалануға енгізуге дейін. 2022 жылы Институт астрономиялық мұрағаттарды халықаралық пайдалануға және стандарттар мен өзара әрекеттесу технологияларын дамытуға ықпал ететін, Халықаралық виртуалды обсерваториялар альянсінің (www.ivoa.net) мүшесі болды. Ассы-Түрген Обсерваториясында SSA ұлттық жүйесін өңдейтін SST (ғарыштық бақылау және қадағалау) құраушысы бар . Жерге жақын ғарыштық кеңістікті қауіпсіз игеру үшін, аймақтық SSA халықаралық жаһандық SDA жұмыстарына енгізу. Сонымен қатар, Ассы-Түрген Обсерваториясы жақында бірқатар ғылыми ұйымдардың роботталған телескоптарын орналастыру үшін астрохостинг қызметтерін көрсетуді бастады, соның ішінде, бірлескен жоба бойынша, Назарбаев Университетінің энергетикалық ғарыш зертханалары (Қазақстан), Берклидегі Калифорния университетінің ғарыштық зерттеулер зертханасы (Калифорния, АҚШ) және В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт. Осының барлығы біздің нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы Қазақстандағы астрономия және астрофизика саласындағы зерттеулерді алға шығару және шоғырландыруға қолайлы жағдай туғызуда. Соңғы нәтижеде, бұл ұлттық және халықаралық жобалар мен ынтымақтастық арқылы тиімді географиялық орналасуы және бірегей астроклиматтық жағдайлары бар Ассы-Түрген алаңын астрономиялық бақылау орталығы – AstroHub-қа айналдыру, оң нәтижесін береді.
Бағдарлама мақсаты: Ассы-Түрген Обсерваториясында қазақстандық және халықаралық оптикалық телескоптарды, жерге жақын ғарыштық кеңістікті мониторингілеу кешенін, бақылау мәліметтерін жинауға, талдауға, сақтауға және олардың өсуін қамтамасыз етуге арналған аппараттық-бағдарламалық құралдарды байланыстыратын біртұтас экожүйені, жердегі обсерваторияларға арналған оптика-механикалық аспаптар бойынша құзыреттіліктің артуын қамтамасыз ететін астрономиялық хабты (AстроХаб) құру
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
1. АстроХаб пайдаланушыларының жоғары сапалы бақылауларын жүргізуге қажетті атмосфераның жай-күйін, жарықтың ластануын және соған байланысты факторларды талдау жүйесін қоса алғанда, обсерваториядағы астроклимат мәліметтері үшін онлайн мониторингті кешенін құру.
2. АстроХаб пайдаланушыларының (мәліметтерді алу, калибровкалау және талдау) және шешімдерін (меншікті басқару-есептеу құралдары) обсерватория телескоптарын орталықтан басқаруға арналған бағдарламалармен қамтамасыз етуге (скедьюлинг, басымдылық, мәліметтерге қолжетімділік, мәліметтермен алмасу жән т.б.) бағдарламалық өнімдерді біріктіруге арналған хаттамаларды әзірлеу.
3. АстроХаб жұмысына қажетті цифрлық инфрақұрылымды дамыту: астроклиматтың ағымдағы жағдайын, телескоптардың күйін, электрмен жабдықтауды, ауа райы болжамдарын көрсететін веб-қосымша. Обсерваториядағы төтенше жағдайлар (желдің екпіні, ауа райының күрт өзгеруі, электрмен жабдықтау мәселелері) туралы хабарламалардың хаттамасын әзірлеу.
4. Обсерваторияны АстроХаб клиенттері мен Қазақстанның білім беру мекемелеріне арналған АстроХаб шеңберінде жабдықты басқару және мәліметтерді беруге қосымша бағдарламалық-аппараттық мүмкіндіктермен және кең жолақты байланыс арналарымен қамтамасыздандыру.
5. Мәліметтер алмасу туралы халықаралық келісімдерді әзірлеу, бақылау бойынша бірлескен науқандарға қатысу, азаматтық ғылым жобаларына қатысу (citizen science). Өтпелі (транзиентті), щұғыл объектілерді және жоғары қызығушылық тудыратын объектілерді (target of opportunity). зерттеу бойынша халықаралық мониторингтік кампаниялар шеңберінде бақылаулар жүргізу
6. Білім беру және ғылымды танымал етуге жағдайлар мен аппараттық-бағдарламалық ортаны құру: материалдар мен оқу құралдарын дайындау (әзірлеу), сонымен қатар семинарлар, шеберлік-сабақтарын ұйымдастыру және танымал дәрістер өткізу. Қоғам үшін ғарышты игеру саласындағы маңызды оқиғалар мен жетістіктерді көрсетуге веб-қосымшаны әзірлеу.
7. Аспаптарды жасау және оптикалық-механикалық жүйелерді дайындау бойынша конструкторлық-жоба бөлімін құру шарттарын әзірлеу.
Конференциялар және көрмелер
1. 3-ші жаһандық цифрлық сауда көрмесіне қатысу, 25-29 қыркүйек, 2024 ж., Ханчжоу, Қытай. Измайлова Ильдана.



