Жобаның жалпы тұжырымдамасы
Жобаның негізгі идеясы қазіргі кездегі дәстүрлі талдау әдістерімен қамтуға болмайтын әртүрлі астрономиялық аспаптар мен миссиялардан алынған көп өлшемді мәліметтерді өңдеу мен талдауға негізделген зерттеулердің қазіргі жағдайына негізделген. Тиісінше, қазіргі кезде үлкен деректермен жұмыс істей алатын, яғни жоғары өнімді есептеу кластерлеріндегі көп өлшемді деректерді сақтайтын, шығаратын және тиімді талдау жүргізетін жетілдірілген бағдарламалық жасақтама жүйелері жасалуда. Жалпы, бұл бізге белгілі ашық астрофизикалық мәселелерді басқа қырынан қарастыруға, шешімдер табудың жаңа тәсілдерін ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл міндеттерге мыналар жатады: жіктеу, кластерлеу, аномалияны анықтау, уақытты талдау, регрессия, визуализация. Көп өлшемді мәліметтермен объектілерді талдау мүлдем жаңа белгісіз мәселелерді анықтауы да сирек емес.

Жоба мақсаты
Астрономияда, атап айтқанда рентгендік және гамма-диапазондарда белсенді терең ғарыштық объектілерді анықтауға арналған үлкен мәліметтерді талдаудың машиналық оқыту алгоритмдерін және деректерді өндіру әдістерін жасау.

Жоба міндеттері
1-ші тапсырма. Аномальды пульсарларды және жұмсақ гамма қайтанушыларды Машинамен оқыту әдістері және жоғары энергиялы орбиталық телескоптар каталогтарындағы рентген көздерінің массиві арасында анықтау және олардың аккреция құрылымын қадағалау
2-ші тапсырма. Машинамен оқыту алгоритмдерін және Data Mining әдістерін дамыту және оларды қолдана отырып, гравитациялық толқындардың потенциалды көздері ретінде өлшенген және синтетикалық қызыл ығысуы мәндерімен гамма-сәулелену жарқылдарың анықтау.

Күтілетін нәтижелер
Осы жобаны іске асыру барысында алынған негізгі нәтижелер: 1) терең ғарыштық объектілерге арналған астрономиялық мәліметтердің үлкен көп өлшемді массивтерімен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жасақтама жасау; 2) алынған нәтижелерді мамандандырылған рейтингтік журналдарда, сондай-ақ ҚР БҒМ БҒССҚЕТ ұсынған журналдарда жариялау; 3) халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және ғылыми семинарлардағы, конференциялардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы презентациялар, шетелдік ғылыми орталықтармен және зерттеушілермен ынтымақтастық арқылы нәтижелерді тарату.

Конференциялар мен семинарлар

1. Sixteenth Marcel Grossmann Meeting, 5-10 July 2021 (on-line), V. Kim, oral talk “On the origin of the unique isolated X-Ray pulsar 1E 161348-5055 with 6.7 hr. spin period

2. 2nd Regional Astronomical Summer School “Observational/Data Astronomy and Space Sciences”, 13-17 September 2021, Byurakan, Armenia (ONLINE) A. Umirbayeva

3. DAWN Winter School, 07-11 February 2022, Copenhagen, Denmark (ONLINE) Y. Aimuratov

4. Семинар ИИЕТ РАН, Мәскеу, Ресей, 17 мамыр 2022 ж,”Аккреция как мощный источник энерговыделения”, В. Ким

5. Prof. Remo Ruffini Festschrift. A conference in celebration of Prof. Remo Ruffini 80° birthday, 16-18 мамыр 2022, Nice, France (ONLINE) Y. Aimuratov, oral talk “Redshift Estimates for Short Gamma-Ray Bursts from the Fermi-GBM Catalogue Using Ep,i-Eiso Correlation”

6. ФАРАБИ ӘЛЕМІ конференциясы, 06-07 сәуір 2023 ж, Алматы, Қазақстан, Умирбаева А. “Оценка напряженности поверхностного магнитного поля радиопульсаров”

7. Ватикан обсерваториясының жазғы мектебі 2023, “Learning the Universe. Data Science Tools for Astronomical Surveys“,4-30 маусым 2023, Кастель Гандольфо, Италия (офлайн), И. Измайлова.

8. The Nuclei in the Cosmos XVII (NIC-XVII) мектебі, 10-15 қыркүйек 2023 ж., Тежон, Оңтүстік Корея (офлайн), Спасюк Руслан.

Мамандарды даярлау
1. Құбылова Балнура Құбылқызы, Дипломдық жоба (қазақ тілінде): “Йонетоку корреляциясының көмегімен гамма-сәулелік жарылыстар үшін синтетикалық қызыл ығысуларды анықтау”. Қорғау күні: 09.06.2023. “Физика” саласындағы бакалавр. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Жоба жетекшісі: Аймуратов Е.К.

2. Қушмухамедова Асима Давлатбековна, Дипломдық жоба (қазақ тілінде): “Космологиялық гамма-сәулелену жарқылдарының феноменологиялык өзара байланысы”. Қорғау күні: маусым 2021 ж. “Физика” саласындағы бакалавр. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Жоба жетекшісі: Аймуратов Е.К.

3. Сапарғалиева Ақерке Болатбекқызы, Дипломдық жоба (қазақ тілінде): “Космологиялық гамма-сәулелену жарқылдарының уақытқа тәуелді сипаттамасы”. Қорғау күні: маусым 2021 ж. “Физика” саласындағы бакалавр. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Жоба жетекшісі: Аймуратов Е.К.

4. Абдураимова Феруза Шерзадқызы, Дипломдық жоба (орыс тілінде): “Космологиялық гамма-сәулелену жарқылдары және магнетарлар арасындағы кеңістіктік таралуы”. Қорғау күні: маусым 2021 ж.. “Физика” саласындағы бакалавр. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Жоба жетекшісі: Аймуратов Е.К.

5. Сейфулла Дильда Оралсынкызы, Дипломдық жоба (қазақ тілінде): “Космологиялық гамма-сәулелену жарқылдарының синтетикалық қызыл ығысулары”. Қорғау күні: маусым 2021 ж. “Физика” саласындағы бакалавр. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Жоба жетекшісі: Аймуратов Е.К.

6. Астрономиялық Есептеу Институтында тағылымдама, (Astronomisches Rechen-Institut, ARI), 01.11.2022–10.12.2022, Гейдельберг, Германия, И. Измайлова.