Сейферт галактикалары (СГ) ядролары белсенді галактикалар класына жатады. Ядролары белсенді галактикалардың (ЯБГ) басты ерекшелігі, галактиканы қоршаған ортамен салыстырғанда, энергияны анағұрлым көп бөлетін орталық ядроның басымдылық рөлі болып табылады. Аса массивті қара құрдымға (АМҚҚ) материяның аккрециялану (тасымалдану) үдерісі негізгі энергия көзі ретінде жұмыс жасайды. Сәулеленетін газдың ионизациялау көзі ретінде аккрециялық дисктің үздіксіз спектрі (континуум). Эмиссиялық сызықтардың және олардың кең құраушыларының жасалу аумағының орналасқан жерінің және құрылымын, өлшемін анықтауға, континуумның айнымалылығы және эмиссиялық сызықтардың сәулелік ағын туралы ақпараттар қолданылады. Бұл мәліметтер ЯБГ моделдерін жасауда маңызды рөл атқарады. СГ ядролар маңындағы аймақтарда болып жатқан динамикалық үдерістерді зерттеуге эмиссиялық сызықтардың кең құраушыларындағы ағынның айнымалылығын талдау өз кезеңінде құрал ретінде қолдануға болады. СГ салыстырмалы үлкен көрінерлік жарқырауын есепке алып (ЯБГ басқа ішкі кластарымен салыстырғанда – квазарлармен) В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институттың (ФАФИ) телескоптарын қолданып алынған бақылауларды зерттеуде бұл құрал аса тиімді болуы мүмкін. СГ ұзақ периодты өзгерістерді табу үшін, ФАФИ алынған спектрограммаларды қолдану жоспарлануда. Маркарян тізіміндегі көптеген галактикалардың спектрлері алғаш рет ФАФИ алынған, олардағы ақпарат айтарлықтай дәрежеде ерекше болып табылады. Қажет болған жағдайда, заманауи жоғары сезгішжабдықпен жабдықталған Ассы-Түрген обсерваториясының жаңғыртылған 1.5-метрлік кластағы телескопты қолдану арқылы, кең эмиссиялық сызықтары бар СГ қосымша бақылауларын алатын боламыз.
Жалпы алғанда, бірнеше ондаған аз зерттелген СГ үлкен уақыт аралығында (шамамен 50-дей жыл) зерттеу СГ орталық аймақтаға жаңа құбылыстар мен әсерлердің ашылу ықтималдылығын арттырады және сейферт галактикаларының ақпараттық базасын айтарлықтай толықтырады.
Әлеуетті тұтынушылар: Жобаның нәтижелерін басқа қазақстандық және халықаралық жобалар шеңберінде белсенді галактикалардың ядроларын зерттеуде қолдануға болады. Алынған мәліметтерді жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары, байланысты ғылыми бағыттағы ғылыми орталықтардың, сондай-ақ Халықаралық Астрономиялық Одақ обсерваторияларының қызметкерлері пайдалана алады.
Конференциялар:
1. “COSPAR-2024” атты халықаралық ғылыми конференциясы, 13-19 шілде 2024 ж., Пусан, Оңтүстік Корея, Ким Виталий “Catalog of a Galactic population of X-ray pulsars in HMXB systems”, сертификат