Бағдарлама мақсаты. Алыс және жақын ғарышты бақылау құралдарын дамыту. Ғарыш аппараттарының қызметіне қауіп тудыратын, ЖЖҒК жағдайын және одан тыс жағдайды болжау және табу, мониторингілеу үшін ғарыштық жағдайдан хабардар ететін (SSA) жүйені құру.

Бағдарламаның мәселелерді шешуге арналған бағыты. Бағдарлама ең алдымен ЖЖҒК қауіпсіз пайдалану мәселелерін шешуге, орбиталық объектілердің қауіпті жақындауы (ең алдымен қазақстандық ғарыш аппаратары), астероидтық қауіп, ғарыштық ауа райын бақылау, ғарыш қоқыстарының қалдықтарын бақылауға бағытталған.

Зерттеу жүргізудің негізгі тәсілдері. Бағдарламаны жүзеге асыруда бағдарламаның мақсатына жетуге қажетті міндеттерді шешуге бағытталған жүйелік тәсіл қолданылады, атап айтқанда: 1) ЖЖҒК шолу бақылауларын және мониторинг жүргізу үшін көру өрісі 3.8°×2.5° болатын кең бұрышты оптикалық жүйе әзірленеді; 2) Бақылау жағдайында тез өзгеретін шекті әлсіз объектілерге спектрлік бақылау жүргізуге дабылды күшейтетін мүмкіндігі бар ЗБА камерасымен (EMCCD) жабдықталған, галограммалық көлемді-фазалық дифракциялық тор (Volume Phase Holographic Gratings, VPHG) негізінде спектрографтың тәжірибелік үлгісі құрылады; 3) Ассы-Түрген Обсерваториясының (ФАФИ) 1.5-м телескопының спектрографы алыс және жақын ғарыш объектілерін зерттеуге және ғарыш телескоптарына ілеспе бақылаулар (follow-up observations) жүргізуге қолданылады; 4) ғарыштық аппараттардың орбиталарындағы қауіпті радиациялық жағдайдың жоғарлауының басталуы туралы, қазақстандық сегментті бақылауға және ғарыштық ауа райын болжауды дамытуға алерттік дабылдың түпүлгілі-жүйесі өңделеді; 5) ғарыштық жағдайдан хабардарлық жүйесіне кіретін, барлық цифрлық құралдардың өзара байланысы және орталық және үйлестірілген басқарумен қамтамасыздандыру, аппаратты-бағдарламалық құралды зеттеуге сандық орта өңделеді.

Күтілетін нәтижелер: 1) жақын ғарыш объектілерін мониторингілеу әдістемесі және технологиясы; 2) жаңғыртылған оптикалық кешенді қолданып алынған белсенді энергия бөлетін ғарыш объектілерінің жаңа оптикалық бақылау мәліметтері; 3) VPHG спектрографы және оны тиімді пайдалану әдістемесі; 4) алыс және жақын ғарышты зерттеудің аппараттық-бағдарламалық құралдары: жоғары өнімді есептеулер, үлкен деректер (BigData), компьютерлік симуляциялар, CUDA-технологиясы; және 5) ғарыштық ауа райын диагностикалау және болжау әдістері; 6) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес рецензияланған ғылыми журналдарға мақалалар мен нәтижелерді тарату.
Нәтижесінде, біз ЖЖҒК және одан тыс жағдайын мониторингілеу және зерттеу бойынша құзыреттіліктің сақталуы және өсуін ықпал ететін ғарыштық жағдайдан хабардар ететін жүйені аламыз.

Конференциялар
1. Ғылыми конференциясы «Многоликая Вселенная: теория и наблюдения – 2022», САО РАН, п. Нижний Архыз, Ресей, 23-27 мамыр 2022 ж. (онлайн), Шомшекова Сауле Спектральные и фотометрические исследования сейфертовской галактики Mrk 1095 (ARK 120)

Мамандарды даярлау:
1. Қадырова Дайана Ержанқызы. Дипломдық жоба: Анализ орбитального движения космического мусора на геостационарных орбитах. Қорғау күні: 16.06.2022. “Физика және астрономия” саласындағы бакалавр. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет. Жоба жетекшісі: Валиуллин Р.Р., тең жетекшісі: Акниязов Ч.Б.
2. Спасюк Руслан Рашидович.Дипломдық жоба (орыс тілінде): «В.С. Фесенков атындағы астрофизикалық институт үшін астрономиялық бақылаулар үшін спектрограф ішіндегі сәулелердің траекториясын қадағалау» . Қорғау күні: 20.06.2023. “Ядролық физика” саласындағы бакалавр. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Жоба жетекшісі: Аймуратов Е.К.