Жоба мақсаты – Кейбір термоядролық үрдістердің толық қиылысуы есептерінің бірыңғай әдістерін дайындау.
Протондық және нейтрондық реакцияларымен бірге байланысты Күн CNO циклінің термоядролық үрдістерінің толық қиылысуын сипаттау бойынша ядролық астрофизиканың өзекті мәселелерін шешу үшін осы зерттеулер бағытымен анықталады. Бұл теориялық зерттеулер жұлдыздардағы және Күндегі жұлдыздық заттардың термоядролық синтез үрдістерінің өту механизімдерін түсіндіру үшін маңызды. Бұл механизмдерді түсіну болашақта халықаралық тәжірибелік термоядролық реактор (ХТТР) түрін орнату үшін басқарылатын термоядролық синтез үдерістерінде, кез келген жұлдыздардағы термоядролық үрдістердің толық қиылысу және реакциялардағы жылдамдықтары есептерін орындауға мүмкіндік береді. Жобаның міндеттерін орындау үшін жұмыстың алдыңғы кезеңдерінде қарастырылған және өзгертілген Юнга сызбасы бойынша кластерлердің орбиталды жағдайлар жіктемесі жаңғыртылған потенциалды кластерлік үлгісі (МПКМ), математикалық әдістер, термоядролық үдерістер, сандық және бағдарламалық алгоритмдер және компьютерлік бағдарламалар қолданылады.
Зерттеу нәтижелері термоядролық және астрофизикалық қосымшалар үшін қажетті термоядролық реакциялардың белгілі топтарының қиысуының әдепті сипаттамасына мүмкіндік береді. Бүкіл Әлемде және басқарылатын термояролық синтезде өтетін өте төмен энергияда жеңіл атом ядроларының құрылымын және протондардың ядролармен өзара әсерлесу механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.