Алматы облысында орналасқан Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы (ТШАО) өзінің екі телескобын жаңартуды аяқтады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ өкілі Александр Губерт мырза Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берді.
Оның айтуы бойынша, 90-жылдары СССР және бірыңғай ғылыми базаның құлдырауынан кейін Тянь-Шань обсерваториясының бір метрлік (айна диаметрі) екі телескобы да жұмыс істемеді. Оған себеп – телескоптардың ескірген басқару жүйесінің істен шығуы және оларды жөндеу үшін детальдардың болмауы. 2013 жылы биік таулы Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясының «Шығыс» бір метрлік телескобының, ал, 2014 жылдың көктемінде екінші «Батыс» телескобының жаңартылуы және автоматтандырылуы аяқталды.
Осылайша, екі телескопқа да, көрші ғимараттарда отырып, қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін жаңа басқару жүйесі орнатылды. Оған қоса, жақында Ғаламтор арқылы телескоптармен алыстан басқару сынақтан табысты өтті. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Тянь-Шань астрономиясының жаңа техникаларында келесі жұмыстар жүргізілді: экзоғаламшарларды бақылау; нәтижесінде 20 айнымалы жұлдыздар табылған Құс жолы маңындағы әлсіз жұлдыздарды зерттеу; тұтылмалы жұлдыздарды зерттеу; гамма-тұтану арқылы жарқыраудан кейін тіркеу және басқалар.
Сұхбат беруші Тянь-Шань обсерваториясы телескоптарының жаңартылуы қазақстандық ғылымның дамуына түрті болғандығына сенімді. «Ертеректе кішкентай телескоптарда алуға мүмкін болмаған нәтижелер алынды. Басқа елдермен айтарлықтай қарқынды ынтымақтастық орнай бастады. Астрономия деген сондай, бір жағынан ештене істей алмайсын. Нысандарға бақылау меридиандар бойынша жүргізіледі гой. Яғни, бүгін түнде оны Қытайда көреді, біз көреміз, содан кейін Еуропа, Канар, Америка, Жапония және қайтадан Қытай көреді. Бұл мәліметтер бірыңғай халықаралық «жинақ сандықшасына» түседі. Біз олардың, олар біздің мәліметтерді пайдаланады. Олардың бізде, біздің оларда мүдделілігіміз бар. Жұмыс едәуір қарқынды жүре бастады», — деді Губерт мырза.
Тянь-Шань Обсерваториясы телескоптарын жаңартуды аяқтады
Posted on 14th August, 2014.
Comments are closed.