Астрофизика саласында іргелі зерттеулер жаңа ғылымның және ашылулардың сарқылмайты көзі болып табылады. Соңғы он жылдықта, ауқымды ашылулардың куәгеріміз, атап айтсақ, гравитациялық толқын, гравитациялық толқындық көзден алғашқы жарық көп салалы астрофизиканың тағы бір бағытына жол салды, экзопланеталар, үдемелі Әлем т.б. Барлық ашылулар, ең алдымен, бақылау бойынша (жерден және ғарыштан) және есептеуіші жабдықтардың технологиялық тұрғыда жылдам дамуы. Бірақ, алыс және жақын ғарыш объектілерге кіші диаметрлі жердегі телескоптардың (1 метрге дейінгі) рөлі өзекті. Технологияның дамуына байланысты бұл телескоптардың сәулелік қабылдағыштары жаңа тыныс алды. Мысалы, 2015 жылы халықаралық кампанияның қара құрдымы бар V404 Cygni қос жүйенің жарқылын бақылауы. 2020 жылдың желтоқсаннан 2021 жылдың науырызға дейін планетаны қорғау мақсатында (99942) Апофис астероидының Жерге жақындауын халықаралық каманияның бақылауында болуы мысал болады. Мұндай кампаниялар автоматтандырылған оптикалық телескоптарды және онда қазақстандық обсерваторияларда белсенді жұмыс атқарды.
Бүгінде астрофизика саласында халықаралық ынтымақтастықсыз жетістікке жетуді елестету қиын. В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты (әрі қарай – ФАФИ ) 2022 жылы Халықаралық Виртуалды Обсерваториялар Альянсына кіруі жақсы серпіліс болды, мақсаты, бүкіл Әлем бойынша жинақталған астрономиялық мәліметтерге қол жеткізу, хаттамаларды дамыту.
ФАФИ бар телескоптарды жаңғырту, жаңа телескоптар мен сәулелік қабылдағыштарды орнату, ақпараттық-коммуникациялық инрақұрылымдарды, институттағы жоғары өнімді компьютерлік кластерді дамытуы жеке жетістіктері. Бұл іргелі астрофизиканың жаңа бағдарламасын қалыптастыруға жақсы негіз жасайды, бақылау және теориялық астрофизиканың болашақ негізі бар мәселелерді әзірлеуге, шешуге бағытталған.
Осыны ескеріп, біз іргелі ғылыми зерттеулердің назарын келесі бағыттарға жинақтаймыз:
1) “time-domain astrophysics” – симбиотикалық жұлдыздарды, ядролары белсенді галактикалар және басқа объектілерді соңғы 50 жылдағы цифрланған мұрағат және жаңа мәліметтер бойынша уақыт бойынша айнымалылығын зерттеу;
2) “follow-up” астероидар және Күн жүйесінің басқа объектілерімен және халықаралық кампаниялар шеңберінде гамма-сәулелену жарқылынан кейінгі бақылауларды жүргізу;
3) жұлдыздардағы (термоядролық процестер) және әртүрлі масштабтағы жұлдыздық жүйелердегі (шарды шоғырлар, ядролары белсенді галактикалар, галактикалар) физикалық және динамикалық процестерді зерттеуге жұлдыздардың динамикасы мен физикасында аналитикалық, сандық модельдер құру, ғарышнамалық модель құру – қараңғы энергия және қараңғы материя, қараңғы құраушылары скаляр өріс арқылы түсіндіріледі.

Бағдарламаның мақсаты:
Әлемдегі физикалық, динамикалық процестер мен құбылыстарды Институттың масштабты жоғары өнімді есептеуші, заманауи/жаңа жабдықтарды және бірегей цифрланған мәліметтерді пайдалана отырып, өзіміздің оптикалық бақылауларымыздың негізінде жаңа нәтижелер мен ғылыми нәтиже алу.

Бағдарламаның міндеттері:
1 міндет. “time-domain astrophysics” – симбиотикалық жұлдыздарды, ядролары белсенді галактикалар және басқа объектілерді соңғы 50 жылдағы цифрланған мұрағат және жаңа мәліметтер бойынша уақыт бойынша айнымалылығын зерттеу;
2 міндет. “follow-up” астероидар және Күн жүйесінің басқа объектілерімен және халықаралық кампаниялар шеңберінде гамма-сәулелену жарқылынан кейінгі бақылауларды жүргізу;
3 міндет. жұлдыздардағы (термоядролық процестер) және әртүрлі масштабтағы жұлдыздық жүйелердегі (шарды шоғырлар, ядролары белсенді галактикалар, галактикалар) физикалық және динамикалық процестерді зерттеуге жұлдыздардың динамикасы мен физикасында аналитикалық, сандық модельдер құру, ғарышнамалық модель құру – қараңғы энергия және қараңғы материя, қараңғы құраушылары скаляр өріс арқылы түсіндіріледі.